ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ

Социология өзге ғылым секілді өзінің даму барысында ішкі құрылымдану процесін өткереді. Әлеуметтік құбылыстар мен процестер жөніндегі ғылыми білімдерді жүйелендіру іске асырылады. Социологиялық білімнің құрылымы қоғамдық қатынастардың мәнін, табиғатын және жекелеген салаларының даму функциясын терең түсінуге мүмкіндік беретін бір-бірімен өзара байланысты түсініктер, көзқарастар мен теориялардың ретке келтірілген жүйесі болып табылады. Түптеп келгенде, ғылымның жекелеген салаларында жасалынатын социологиялық түсініктер, ұғымдар мен теориялар қоғам туралы әлеуметтік жүйе ретінде біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Социологияда зерттеудің пәніне, әдістемесіне және міндеттеріне негізделіп, ғылыми ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ білімнің бірнеше жіктелімдері пайдаланылады.

Функциялары мен міндеттері бойынша ерекшеліктері бар социологиялық білімнің үш деңгейін бөліп қарастыру кең таралған. Олар: іргелі білімдер деңгейі, қолданбалы зерттеулер деңгейі, әлеуметтік инженерия. Теориялық социология белгілі бір саланың әмбебап заңдылықтарын және талдау принциптерін ашатын теориялар мен тұжырымдамалар жиынтығын білдіреді. Қолданбалы зерттеулер өзекті тәжірибелік маңызы бар проблемаларды зерттеуге бағытталған. Әлеуметтік инженерия нақты әлеуметтік проблемаларды шешуде түрлі технологиялар мен техникалық құралдарды өзара ұйымдастыру мақсатымен ғылыми білімдерді іс жүзінде енгізу болып табылады.

Оған қоса социология макро- және микро ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ социология болып екіге бөлінеді. Макросоциология кең көлемді әлеуметтік жүйелерді және тарихи ұзақ процестерді қарастырады. Микросоциологияадамдардың күнделікті жүріс-тұрысының тікелей тұлғааралық өзара әрекеттесуін зерттейді. Бұл деңгейлер өзара байланысты және социология пәнін екі жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді, бір жағынан, әлеуметтік жүйелердің, құрылымдардың және институттардың адамдар іс-әрекетін реттеуші ретіндегі әсері, екінші жағынан, қоғамның құрылымдық элементтерінің қалыптасуы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың әлеуметтік іс-әрекеттерінің нәтижесі ретінде талдануы қарастырылады.

Социологиялық білімнің осы деңгейлерінің қиылысуы нәтижесінде оның өзіндік формасы ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ ретінде орта деңгей теориялары шығады, олар: тұлға социологиясы, отбасы социологиясы, саяси социология, этносоциология, білім социологиясы т.б. Бұл жерде мәселе зерттелетін объектінің сипаты бойынша ғылыми білімнің құрылымдық элементтерінің бөлінуі жөнінде болып отыр. Орта деңгей теориясы немесе арнайы социологиялық теориялар қоғамдық өмірдегі әлеуметтік институттардың және топтардың жекелеген жақтары мен салаларын қамтиды. Олар әлеуметтік ғылымның да, социологиялық ғылымның да, пәнаралық өзара әрекеттесу дәстүрінде дамиды.



“Орта дейгей теориялары” ұғымын американдық социолог Р.Мертон енгізді. Ол іргелі және эмпирикалық зерттеулердің қарама-қарсылығы нәтижесінде пайда ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ болып, “жоғары” теория мен нақты құбылыстар мен процестерді зерттеп білуде алынған эмпирикалық мәліметтер арасындағы “көпірге” айналды. Орта деңгей теориялары зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлерін үйлестіреді, бұған қоса жалпы социологиялық теорияларға да және нақты социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне де сүйенеді.

Социология тарапынан іргелі деңгейде ұсынылып отырған тұжырымдамалар абстракциясының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және әлеуметтік топ немесе әлеуметтік процесс ретінде нақты социологиялық бірліктерді зерттеп білу үшін тікелей қолданылуы мүмкін. Жалпы теориялық білім қоғамдық өмірдің түрлі жақтарын ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ байқаудан, талдап қорытындылаудан тұрады, барлық әлеуметтік құрылымдар үшін бірыңғай заңдылықтарды анықтауға бағытталған.

Алайда социология - абстрактылы ғылым емес, ол ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік топтардың мүдделерінің тепе-теңдігін және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін нақтылы әлеуметтік проблемаларды шешу мен зерттеп білу міндеттерін атқарады. Социология қоғамдық процестер мен құбылыстардың нақтылы бейнесін беретін, жекелеген әлеуметтік фактілер туралы дәлме-дәл, шынайы мәліметтерге негізделуі тиіс. Орта деңгей теориялары отбасы, еңбек қатынастары, жанжал, ауытқушылық жүріс-тұрыс, жастар ж ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫәне т.б. әр түрлі мазмұнды феномендерді зерттеп білуде теориялық аппаратқа бейімдеуге мүмкіндік береді. Эмпирикалық мәліметтер эмпирикалық зерттеу әдістері - сұрау, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент т.б. көмегімен жиналады. Нақтылы зерттеулер нәтижелері негізінде іргелі жете зерттеулерді байыта түсетін жаңа теориялық талдап қорытулар пайда болады.

Орта деңгей теориясының басты ерекшелігі мынада, олар тәжірибемен органикалық түрде байланысты және адамзат іс-әрекетінің нақтылы салаларын зерттеуге ғылыми негіз болады. Социология құрылымына орта деңгей теориясын енгізу социологтар жұмысының тиімділігін арттырды, олардың зерттеулерінің ауқымын кеңейтті және тере ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫңдете түсті, әлеуметтік процестерді басқару үшін ғылыми және тәжірибелік ұсыныстардың құндылығын мойындауға ықпалын тигізді. Өмірдің түрлі салаларын қамтитын көптеген салалық социологтар пайда болды. Олардың ішінде табысты түрде өзіндік ерекшелігі бар ұғымдар аппараты, зерттеу әдістемелері жасалынады, мәліметтер базасы жинақталады, теориялық талдау қорытындылары жасалып, жаңа тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасада.

Орта деңгей теорияларының барлығын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

- әлеуметтік институттар теориясы, ол күрделі әлеуметтік тәуелділіктер мен қатынастарды зерттейді (отбасы социологиясы, білім социологиясы, еңбек социологиясы, экономикалы ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫқ социология, саяси социология, ғылым социологиясы, дін социологиясы және басқалар);

- әлеуметтік қауымдастықтар теориясы, ол кіші топтан бастап әлеуметтік топқа дейінгі қоғамның құрылымдық бірліктерін қарастырады (әлеуметтік құрылымдар социологиясы, ұйым социологиясы, этносоциология, аймақтар социологиясы, қала социологиясы, кіші топтар социологиясы, жастар социологиясы т.б.);

- арнайы бағытталған әлеуметтік процестер теориясы, ол әлеуметтік өзгерістер мен процестерді зерттейді (ауытқушылық жүріс-тұрыс социологиясы, мобильділік социологиясы, қоғамдық қозғалыстар социологиясы және т.б.).

Енді бұл оқулықта кеңінен қарастырылмайтын бірқатар жеке социологиялық ағымдардың пәндік саласы мен сипатына қысқаша то ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫқтала кетейік.

Отбасы социологиясы - отбасының қалыптасуы мен қызмет етуін, отбасылық-некелік қатынастарды нақтылы мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайда зерттейтін социологияның бір саласы. Мұнда отбасы әлеуметтік институт ретінде ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа туған-туыстары арасындағы өзара қарым-қатынастарын реттеп отыратын әлеуметтік нормалар жиынтығы ретінде сипатталады.

Тұлға социологиясы - тұлғаны оның әр түрлі іс-әрекеті барысында пайда болатын әлеуметтік қатынастардың объектісі және субъектісі ретінде зерттейді.

Еңбек социологиясы - еңбекті адамның және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарты ретінде ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ қарастырады. Еңбек, ең алдымен адам мен табиғат арасында болатын процесс, онда адам өз әрекетімен табиғатпен екі ортадағы зат алмасуды реттеп, бақылап отырады. Ол адамдар мен қоғамның өмір сүруіне қажетті игіліктерді өндіруде біріккен және ұжымдық әрекет ретінде көрініс береді.

Жастар социологиясы - балалық шақтан ересектер әлеміне өтпелі сатыда тұрған әлеуметтік-демографиялық топтың жүріс-тұрысын зерттейтін социологияның бір саласы. Олар өмірдің отбасылық және онан тыс кезеңінен өтеді, қалыптасқан жағдайға байланысты нормалар мен құндылықтар жаңа арнаға түседі, осының бәрі ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ өзіндік ерекшелігі бар, жастарға тән жүріс-тұрыстан, сана-сезімнен және жастық субмәдениет ұғымынан көрініс береді.

Әлеуметтік страфикация теориясы - қандай да бір қоғамдағы көптеген әлеуметтік топтар мен таптарды зерттеуге бағытталған. Олардың өкілдері бір-бірінен тең емес билік көлемімен, материалдық байлығымен, құқықтары және міндеттерімен, артықшылықтары және беделімен ерекшеленеді. Ал әлеуметтік қоғамдастық ішкі байланыстары мен қатынастарының тұрақтылығымен сипатталады. Сондықтан бұл әлеуметтік топтарды былайша бөліп көрсетуге болады: әлеуметтік-таптық, аумақтық, кәсіби, этноәлеуметтік, дінаралық және бас ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫқалар. Адамдар өмір сүру барысында әлеуметтік кеңістікте бір топтан екінші топқа ауысып отырады. Әлеуметтік мобильділік тік және көлденең бейнеде болады, ал оның өнімділігі қоғамның даму деңгейін және жеке адамның әлеуметтік таңдауының еркіндігін көрсетеді.

Қоғамдық пікір социологиясы - ұжымдық пікірлер мен пайымдау саласын зерттейді. Олар үкіметтің бақылауынан тыс тұрғанымен, саяси процестердің барысына, шешімдер қабылдауға және қоғамдық саясаттың дамуына әсер етеді. Онда қоғамдық пікірдің қалыптасу кезеңдері, оның құрылымы және қоғамдағы қызметтері қарастырылған.

Бос уақыт социологиясы - қо ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫғамның өмір сүру барысын зерттеудегі социологияның маңызды бағытының бірі. Бос уақытты тиімді пайдалану еңбек өнімділігін арттыру үшін сарқылған күшті қайта орнына келтіруде индивид үшін ғана емес, сонымен қатар адамның мәдени дамуына, оның өзгеріп отыратын әлемде тоқтаусыз әлеуметтенуі үшін де маңызды мәселе.

Аймақ социологиясы - зерттеу пәні ретінде белгілі бір әлеуметтік аумақтық қауымдастық шеңберіндегі адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекетін бөліп көрсе де, әлеуметтік аумақтық қауымдастықтар қалалық және ауылдық жерлерде орналасуына орай тұрақты экономикалық, әлеуметтік және м ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫәдени байланыстар мен қатынастар секілді жүйелендірілген белгілерге ие болады.

Ұйымдастыру және басқару социологиясы шеңберінде адамзат қоғамының әрекетіне негізделген күрделі әлеуметтік организм қарастырылады. Бұл жерде қоғамның мақсаттары, әлеуметтік құрылымы, технологиясы, ұйымдарды басқару мен қызмет ету проблемалары қарастырылады.

Девианттық жүріс-тұрыс социологиясы - орта деңгей теориясы ретінде әлеуметтік нормалар талабынан ауытқитын, әлеуметтік жүріс-тұрысының белгілі бір формаларын зерттейді. Девиацияның түрлері, оның пайда болуының себептері, әлеуметтік ауытқушылықты реттеп отыратын әлеуметтік қадағалаудың түрлері мен формалары қарастырылады.

Гендер социологиясы әйелдер мен ерлердің әлеуметтік сипаты мен ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ мәртебелелерің ұқсастығы мен айырмашылығының әлеуметтік механизмдерін зерттеуге бағытталған. Гендерлік тұрғыдан әлеуметтенудің, жіктеудің және стратификацияның әлеуметтік процестері қарастырылады, саяси, құқықтық, экономикалық және мәдени қатынастардың гендерлік аспектілері анықталады.

Атап көрсетілген орта деңгей теориялары қоғамдық өмірдің жекелеген салалары мен бөлімдерінің социологиялық проблемаларын қарастырумен айналысады, оларды зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері табысты түрде үйлесіп жатады. Социологиялық білімнің жинақталуына қарай зерттеудің жаңа ауқымдары қалыптасады, ол тиісінше социологияны барлық уақытта өз заманына сай ғылым етіп отырады.


documentagnrbwr.html
documentagnrjgz.html
documentagnrqrh.html
documentagnrybp.html
documentagnsflx.html
Документ ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ